Атырау облысында жоғалған адамды тікұшақпен іздеп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында із-түзсіз жоғалған адамды іздестіруге тікұшақ тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында жоғалған адамды тікұшақпен іздеп жатыр

Бұған дейін Құрманғазы ауданында жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам жоғалып кеткен еді.

«Бүгін оны іздестіруге «Қазавиақұтқару» АҚ Атырау филиалынан «Еурокоптер-145 ЕС-028» тікұшағы тартылып, Шортанбай, Көптоғай ауылдық округтері аумағында әуеден іздестіру жұмысын жүргізді. Әуеден радиусы 60 шақырымдай болатын аймақ қаралды. Сондай-ақ, іздестіру жұмысына 57 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Алайда, жоғалған адам әзірге табылған жоқ» деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.