Атырау облысында жоғалған екі бала бейтаныс әйелдің қасынан табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Мақат кентінде кешке қарай ондаған адам түні бойы жоғалған балаларды іздеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Мақат аудандық ІІБ-ге 20.30-да Мақат ауылында бес жасар ұл мен төрт жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Аудандық полицияның жеке құрамы, осы ауданға жақын аудандардың полицейлері, прокуратура органдарымен қатар, еріктілер де іздеу жұмыстарына атсалысқан. Сағат 22.20-да балалардың белгісіз әйелмен таксиге отырып жатқанын көргені туралы хабарлама түскен. Сонымен қатар, іздеу барысында осы ауданда бейсауат әйелдің жүргені анықталды», - деді облыс прокуроры Ернат Сабынқұлов.

Бұл ақпарат, әрине, одан әрі үрей тудырған. Көрші кенттер мен аудан орталықтарының құқық қорғау органдары қызметкерлері де іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл - өз жемісін берді.

«Таңғы сағат 4-те Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы үйден 150 шақырым қашықтықтан балалардың табылғаны туралы хабарлама түсті. Ең бастысы, балалардың денсаулығына ешқандай зиян келтірілмеген, тек олар қатты тоңып қалған және ашыққан. Оларға бірден ата-аналары барды. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды ол жерге белгісіз әйел алып барған», - деді облыс прокуроры.

Прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы «адам ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум