Атырау облысында жол апатынан анасы мен баласы қаза тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «ВАЗ Приора» маркалы екі көлік соқтығысып, анасы мен баласы қаза тапты. Тағы 6 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты Доссор-Мақат тасжолында болды. Соқтығысу кезінде 27 жастағы әйел мен 6 айлық сәби қаза тапты. Түрлі жарақат алған алты зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінен.  

Соңғы жаңалықтар