20:36, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Атырау облысында жол апатынан әжесі мен немересі қаза тапты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жол-көлік апатынан Ресей азаматтары - әжесі мен немересі қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жол-көлік апаты Атырау-Астрахань трассасында болған. «Toyota Estima» маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, автомобиль аударылған. Оқиға салдарынан салонда болған 7 жолаушының екеуі сол жерде көз жұмған. Олар Астрахань облысының тұрғындары - 77 жастағы әжей мен оның 11 жасар немересі. Басқа төрт жолаушы ауруханада тексерілуден өткеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Қазіргі таңда 2009 жылғы бүлдіршін дәрігерлердің бақылауында», деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.
Екі адам қаза тапқан жол-көлік апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.