Атырау облысында жол-көлік апатында 6 адам зардап шекті
АТЫРАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысында орын алған жол-көлік апатының салдарынан 6 адам зардап шекті.
«Апат «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 625 шақырымында орын алды. «Тойота-Карина» көлігі мен «Жигули» соқтығысты. 6 адам зардап шекті. Олардың барлығы түрлі дәрежедегі жарақаттармен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.