Атырау облысында жол салу жұмыстары жалғасуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жол салу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 227 көшені қамту жоспарланып отыр, бұл 211 шақырым жолды құрайды деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында жол салу жұмыстары жалғасуда

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні Көкарна, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Жұлдыз-3, Жұлдыз-1,2 ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

null«Осы жылыАқжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2,Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 227 көшенің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекендерде де басталады» - деді қалалық Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының басшысы Акесен Ибрагимов.

nullАғымдағы жылы 20 мың шаршы метрдей жолды шұңқырлы жөндеу жүргізу жоспарланғанын, оның ішінде бүгінгі таңда 3 770 шарты метр жол жөнделген.

2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарлануда.