Атырау облысында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі жанып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі жанып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жүк көлігінің тіркемесі кеше, 2 наурызда «Доссор-Құлсары» жолында өртенген.

«Таңертеңгі сағат 7:24-те аталған бағыттағы жолдың 63-шақырымында «SCANIA R-500» маркалы жүк көлігінің тіркемесінен өрт шыққан. Тіркемеге тиелген кранның диаметрі 1 219 мм болатын 2 бекіткіші өртенді. Бұған қоса, тіркеменің 24 дөңгелегі жанып кетті. Өрт сағат 08:47-де оқшауланып, сағат 09:07-де сөндірілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тіркемедегі дөңгелектің күпшегінің қызуынан өрт шыққаны анықталды.

Жалынды сөндіруге №12 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында болған өртте бір техника жанып кеткенін жазған болатынбыз.