Атырау облысында жұмысшыларға 198,8 млн теңге жалақы берешеге өтелді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Прокуратура араласқаннан кейін Атырау облысында 340-қа жуық жұмысшыға 198,8 млн теңге жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің айтуынша, биылғы жылдың бірінші жартысында 120 мыңнан астам азамат пен 1,8 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған.

«Азаматтардың құқықтары мен бостандығын, мемлекеттің мүддесін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Осы орайда прокуроратура органдары цифрлы технологияларды кеңінен қолданып отыр», - дейді Халидулла Дәуешев.

Оның дерегіне сүйенсек, көрсетілген кезеңде қылмыстың деңгейі 1,8% төмендеген. Мәселен, төмендеу көрсеткіші орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша 15,9%, аса ауыр қылмыстардың азаюы 13,5% құраған.

«Прокуратура қызметкерлері жұмысшыларға төленбеген жалақы қарызының өтелуіне ықпал етті. Осы кезеңде 336 жұмысшыға 198,8 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді», -деп мәлім етті облыс прокуроры.

Х. Дәуешев атап өткендей, қадағалау органының басты басымдығы – азаматтардың конституциялық құқығы мен мемлекет мүддесін қорғау. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық, қоғамға қауіп төндіретін қылмыс түрлері мен балаларға қатысты жыныстық қылмыстар, капиталды заңсыз шығару, «көлеңкелі» экономика, алаяқтық пен қаржы пирамидаларының жолын кесуге байланысты жұмыс жандана береді.

«Есірткі саудасының алдын алу, қоршаған ортаны қорғау мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне де баса назар аударылады. Ел заңдылықтарының сақталуын қадағалау назарымыздан тыс қалмайды», - дейді облыс прокуроры.


Соңғы жаңалықтар