Атырау облысындағы 36 елді мекенді су басуы мүмкін

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биыл 36 елді мекенге көктемгі су тасқынынан қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, көктемгі су тасқынының қаупі Жайық, Ойыл, Қиғаш, Жем және Сағыз өзендерінен төнеді.

«Өңірде су тасқыны қаупі төнуі мүмкін 51 елді мекен тіркелген. Қазір 15 елді мекенде қауіп сейілді. Ал 36 елді мекенде қауіп сақталып отыр. Оның ішінде 26 елді мекен Жайық өзенінің бойында орналасқан. Бұл елді мекендер 17 мың 030 тұрғын, 86 мыңнан астам тұрғын бар», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Ал, Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Бақтыбек Төлегеновтің дерегіне сүйенсек, су тасқынының алдын алу және жою мақсатында 6 мың керует пен төсек жамылғысы, 6 мың 600 құм салынған қап, 150-ден астам күрек, 14 мотопомпа, жанар-жағар материалдары дайындалған.


«2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасына сәйкес Атырау қаласы мен оның маңында орналасқан Жұмыскер, Геолог, Ақсай, Атырау, Еркінқала, Дамбы, Балықшы, Қайыршақты, Кеңөзек елді мекендеріндегі қорғаныс бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жайық өзені мен Каспий теңізінің жағалауындағы 86 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті бар», -деп мәлім етті Бақтыбек Төлегенов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында өткен ғасырда салынған гидротехникалық нысандар тозғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар