Атырау облысындағы «Ақжайық» қорығында 19 га жер өртеніп кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақ жайық» табиғи резерватында 19 га жер өртеніп кетті. Бұл аймақта өрт қауіпі әлі де бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
None
None

«Осы уақытта бірнеше өрт ошағы сөндірілді. Бұл жерде батпақты аймақты басып кеткен 19 га жердегі қамыс пен қоға өртенді. Өртті сөндіруге 10 дана техника мен 40 адам жұмылдырылды. Алайда мұнда тез тұтануы мүмкін өсімідктер көп болғандықтан өрт қайта өршуі әбден ықтимал. Сол себепті біз жанып кеткен аймақты тексеріп, жалпы жағдайды бақылап отырмыз»,-дейді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметі мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Нұрбек Нұралин.

Айта кетейік, мемлекеттік табиғи резерват айналасындағы қамыс пен құрғаған шөптен осыдан үш күн бұрын өрт тұтанған болатын. «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерваты Атыраудан бірнеше км қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындар қамысты әдейі өртеп тұрады. Өрт содан да өршуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар ескі қамысты өртеген соң, оның орнына малға азық болатын жаңа қамыс өсіп шығады.

Соңғы жаңалықтар