Атырау облысындағы ауылда жаңа спорт кешені салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылының қарсаңында Атырау ауылдық округіне қарасты Дамба ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Дене шынықтыру-сауықтыру кешені 300 адамға лайықталған. Оның құрылысына бюджеттен қаржы шығындалмаған. Бұл өңірде жұмыс істейтін мұнай компаниясының демеушілік қаржысына салынды. Оған енді Құрманғазы, Жанталап, Дамба ауылдарының маңында орналасқан тұрғындар бара алады. Алғашында жаттығулар спорттың үш түрі бойынша ғана өткізіледі»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кешенде облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің облыстық филиалы жұмыс істейді. Осыған қарай балаларды ҚР спорт шеберлері, спорт шеберлігіне кандидат, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жаттықтырады.

Соңғы жаңалықтар