Атырау облысындағы ауылдардың бірінен пастереллез ауруы шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылында пастереллез ауруының пайда болуына байланысты малды ауылдық округ аймағынан тысқа шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біздің шаруашылығымызда тамыз айынан бері бір жарым жасар қойлар қырыла бастады. Біз қыркүйек айының басында бұл туралы аудандық ветеринариялық қызмет өкілдеріне хабарладық. Алайда, санитарлық дәрігерлер малдардың қырылу себебін анықтай алмады. Олар бізге малдарды антибиотиктермен емдеуге кеңес берді. Малдар жеке шаруашылықтардың өзінде жаппай қырыла бастаған кезде ғана аймақта қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, қойлардан пастереллез ауруы шықты. Біз енді 2,5 млн теңгені шығындай отырып, осы ауруға қарсы вакцина сатып алдық. Малдардың қырылу себебі анықталып үлгергенше біздің 596 бас малымыз өліп қалды»,-деді «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС бас директоры Бауыржан Исақұлов.

Жасқайрат ауылында кемінде 100 қой өлді. Осы аптада ауылға санитарлық дәрігерлерден құрылған 5 бригада келіп, малдарды пастереллезге қарсы еге бастады. Кейбір ауылдарда 1 айға дейін малдарды округтен шығармау туралы шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар