Атырау облысындағы Ералы су қоймасынан балықтың 17 келі өлексесі шығарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Ералы су қоймасынан қырылған балықтың 17 келі өлексесі шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Балық шарушаылығы комитетінің баспасөз қызметі

Қызылқоға аудандық әкімдігінің мәліметінше, 7 шілдеде Ералы су қоймасының маңындағы Меңдібай учаскесінде ақбалық қырылған.

«Оқиға орнына Ойыл ауылдық округінің әкімі мен 6 ерікті барып, жағдайды анықтады. Олар жергілікті уақытпен сағат 12:00-19:00 аралығында су қоймасын өлген балықтан тазалау жұмыстарын жүргізді. Ералы су коймасының Меңдібай учаскесінен 17 келі шамасында өлген балық сүзіліп алынып, арнайы орынға көмілді», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Ал, бүгін, 8 шілдеде жергілікті атқарушы орган қызметкерлері Меңдібай учаскесінде қосымша анықтау жұмыстарын жүргізді. Су қоймасының басқа учаскелерінен балықтың өлу дерегі анықталған жоқ.

Балықтың қырылғаны жөнінде облыстық балық шаруашылығы басқармасына хабарланған. Бүгін, 8 шілдеде облыстық басқарманың мамандары Қызылқоға ауданына жіберілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, биылғы наурызда Атыраудағы Нарын каналында балық қырылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар