10:48, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Атырау облысындағы көп қабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан екі жас бала қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Атырау облысы, Мақат кентіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан екі жас бала газдан уланып, қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпараты бойынша, сейсенбі, тамыздың 17-сі күні, сағат 15.35-те Мақат кентіндегі Теміржолшылар көшесінде орналасқан 4 қабатты үйдегі бір пәтерде өрт басталған. Оның аумағы 2 шаршы метр жерді құрады. Баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрт салдарынан газдан уланған үш адам ауруханаға жеткізіліп, олардың ішіндегі 2 және 4 жасар екі бала ауруханада көз жұмды.
Өрт бір сағат өткен соң сөндірілді.