Атырау облысындағы түйе өлімі тоқтады

None
None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атыраудағы Жылыой ауданында барлық түйелерге паразитке қарсы дәрі-дәрмектер беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 3-28 шілде күндері аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында және Құлсары қаласының қарасты Жадырасын ықшамауданында 11 бас түйе шығын болған. Шұғыл сараптама жасалды. Оны нәтижелері облыстық ветеринариябасқармасына тапсырылып, қорытындысы шықты. Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың ешқандай белгілері жоқ.
«Түйелер жайылатын жайылымдардағы жем-шөптерден және Жем өзенінен сараптама алынды. Қорытындысы бойынша нормадан ешқандай ауытқушылық жоқ. Ал, түйе өлексесін потологиялық-анатомиялық жарып сою нәтижесінде көмекей қуысында көп мөлшерде құрттардың бар екені анықталды. Ветеринарлар бұл цефалопиноз деген ауру деп қорытындыға келді», - дейді Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.
​Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, ауданда 9720 түйе бар. Барлық түйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар