Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыс әкімі коронавирусқа қарсы вакцина салдыру үшін «Геолог» елді мекеніндегі емханаға барды.

«Дәрігерлер алдымен тіркеуден өткізіп, дене қызуым мен қан қысымымды өлшеуден бастап, толық медициналық тексеру жасады. Одан кейін ғана Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдырттым. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді» дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, жексенбіге қарамастан, емханаға вакцина алушылар келген.

Ал, дәрігерлер тұрғындардың вакцина алуға деген белсенділігі жоғары екенін айтып отыр.

«Жақындарымыз бен айналамыздағыларды қорғау да, өздеріңіздің қорғануларыңыз үшін де – коронавирусқа қарсы вакцина алу өте маңызды» дейді облыс әкімі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 250 адам вакцина алатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар