Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі мен бірінші орынбасары коронавирус жұқтырды

Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің Covid-19 инфекциясын анықтауға тапсырған ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті. Сол себептен, олар 12 қаңтардан бастап қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Аймақ басшысы Атырау қаласында, өңірді жедел басқаруды жүзеге асыруда», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында екі тәулікте 1,1 мың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.