09:57, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Атырау облысының бірқатар елді мекендерінде ТВ өшіріледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының 8 елді мекенінде 4-11 қыркүйек аралығында телевидение өшіріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Республикасы сандық телерадио хабарларын тарату ұлттық желісі» жобасын жүзеге асыру аясында Атырау облысының радиотелеарналық стансаларында (РТС) аналогты эфирлік телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарын өшіру жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.
4 және 5 қыркүйек күндері Мақат кентінде, 6-сы - Құлсары, 7-сі - Зинеден, 8-і - Жаңаауыл, 9-ы - Индербор, 10-ы - Қаракөл және Миялы, 11-ы - Сағыз кентінде телеарналар сөндіріледі. Телеарналардың өшірілуі Астана уақытымен 9-дан 10-ға дейін жүргізіледі.