Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды
«2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Махамбет Досмұхамбетов бас директордың өндіріс мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген компания хабарламасында.
Махамбет Жолдасқалиұлы 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында туған.
1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскерлік әкімшілік магистрі болған.
Еңбек қызметін 1983 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.
Түрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.
Соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры – бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті лауазымдарын атқарған.
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың сәуір айына дейін Атырау облысының әкімі қызметін атқарды.