Атырау облысының энергетика басқармасына жаңа басшы келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің өкімімен Ерлан Асылбекұлы Назаров облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының энергетика басқармасына жаңа басшы келді

Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығымен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін, сондай-ақ АҚШ-тағы Дьюк университетін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша Статистика департаментінде бастап, 2004-2006 жылдары осы мекемеде экономист, маман, жетекші маман, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысының Қаржы басқармасында түрлі лауазымда қызмет еткен.

2008 – 2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау және қала құрылымын дамыту бөлімінің бастығы болған. 2010 – 2012 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің аппаратын басқарған.

2012 – 2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болған. 2013 – 2015 жылдары - Қызылорда облысының Сыртқы байланыстар басқармасының басшысы.

2015 жылы ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

В 2017 – 2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасына, 2019-2020 жылдары Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасына басшы болды.

Қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін бизнес-құрылымдарда басшылық қызмет еткен.