Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасы басшысының лауазымына Мейіржан Жолдасұлы Мұқасов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейіржан Мұқасов Атырау аграрлы-техникалық колледжі мен Атырау мұнай және газ университетін «Жерге орналастыру», Қазақстан инновациялық және

телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқық», Мәскеу экономикалық университетінің «Экономика» мамандығын бітірген.

Еңбек жолын Атырау қалалық әкімдігінде бастаған. 2013-2015 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы, бас маманның міндетін атқарушы, 2015-2016 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторының, 2016-2018 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторында бас маманы болған.

Ал, 2018 жылы «УК СЭЗ «НИНТ» АҚ-да менеджер, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, 2018 - 2019 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының басшысы болып жұмыс істеген.

2019 - 2020 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2020 жылғы маусымнан бері Атырау қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар