Атырау облысының кәсіпкерлері 251 млн теңге шағын кредит алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында атыраулықтар 251,3 миллион теңге кредит алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Елбасының әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастамасының төртіншісі - шағын кредитті өрістету.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізілген шаралардың ең тиімдісі - жеңілдетілген шағын несиелер беру.
Атырау облысында осы бағдарлама бойынша қаржы үш банкке: «Нұрбанк» АО - 51,53 млн теңге, «АТФ Банк» АО - 21,53 млн теңге, ДБ АО «Сбербанк» АО ЕБ - 180 млн теңге салынды.
Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері банктермен 251,3 млн теңге көлемінде 26 жоба мақұлданған»,-деп мәлім етті «Даму» облыстық кәсіпкерлікті даму қоры» филиалының директоры Айман Сәрсенғалиева.