Атырау облысының кәсіпкерлері заңсыз жкешелендірілген 13 нысанды өз еріктерімен мемлекетке қайтарды - ҚР ЭСЖҚҚА

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Атырау облысында кәсіпкерлер заңсыз жекешелендірген 13 нысанды мемлекетке өз еріктерімен қайтару туралы келісім-шартқа қол қойды,
None
None

олардың қатарында Атырау қаласы мен облыстың 6 ауданыныдағы газбен қамтамасыз ету объектілері, кәсіпорындар, әкімшілік ғимараттар, автотранспорт және өзге де арнайы техника ба, деп хабарлады ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктің құны 20 млрд. 960 млн.теңгені құрады.

Бұдан бөлек, әрі қарай залалды өтеу мақсатында тергеу-жедел тобымен мүліктің 208 түріне тыйым салынды. Олардың қатарында:

- 45 жер учаскесі;

- 50 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер);

- 5 коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері;

- 10 транспорттық құрал

- 90 бірлік құрал-жабдық;

- жалпы соммасы 690 млн.теңгені құрайтын 8 банкілік есеп-шот.

Айыпталушыларға тиісті мүлікті анықтау жұмысы жалғастырылуда.

Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар