Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі ауыл әлі жарықсыз отыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі ауыл әлі жарықсыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі ауыл әлі жарықсыз отыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Құрманғазы ауданында 5 наурызда екпіні секундына 22-23 метрге жеткен қатты жел соққан. Сол күні электр энергиясының желісінде ақау шығып, сағат 3:10-нан бастап 38 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған.

Ал, 6 наурызда 10 ауылдың тұрғындары жарықсыз отырды. Кеше, 7 наурызда 8 ауылға жарық қосылған жоқ.

Құрманғазы ауданында ток көзінен 10 890 абонент ажыратылған. Оның ішінде 7 650 абонент электр қуатына қосылды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның 27 станциясының 19-ында байланыс орнатылды. Ауданда қатты желден сөнген электр энергиясын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оны атқаруға «Атырау-Жарық» АҚ-ның 8 бригадасы, 56 жұмысшысы мен 20 техникасы, сондай-ақ, «Қазақстан Теміржолы» АҚ-ның электрмен қамту бөлімінен 1 бригада (15 адам, 6 техника) жұмылдырылған. Қазір Бірлік пен Көптогай ауылдарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті ауылдық округтердің әкімдері тұрғындарды жөндеу жұмыстарынан тұрақты хабардар етіп, ахуалды бақылауда ұстап отыр», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.