Атырау облысының мектептеріне планшеттер жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының мектептеріне планшеттер жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер мен ноутбуктардың мектептерге жеткізілуіне қоғамдық бақылау жүргізуді қолға алды.

«Облыс мектептерін жаңа компьтерлік техникалармен қамту үшін республикалық бюджеттен 2 млрд 866 мың теңге, ал облыстық бюджеттен 555 млн теңге бөлінді. Осы қаржыға 15 697 ноутбук, 1926 компьютер, 2499 планшет сатып алынды. 18 қыркүйектен бастап 500 планшет Атырау қаласының мектептеріне таратылды. Ал, 21-22 қыркүйекте Мақат ауданына 206, Махамбетке – 273, Исатайға – 240, Жылыойға – 400, Индерге – 240, Құрманғазыға – 400, Қызылқоға ауданына 240 планшет жіберілді», деп хабарлады «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары.

Планшеттерді аудандарда құрылған арнайы комиссия қабылдап алған.


Соңғы жаңалықтар