Атырау облысының прокуратурасы «Бюджетті толықтыру - тұрақтылықтың кепілі» акциясын өткізуде

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облыстық прокуратурасының бастамасы бойынша сот орындаушылар мен уәкілетті органдар бірлесіп, «Бюджетті толықтыру - тұрақтылықтың кепілі» атты акциясын өткізуде.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, акцияның тек алғашқы 15 күнінде борышкерлерден 15 млн. теңгеден астам сома өндіріліп, мемлекеттік бюджетке аударылды.

«Қазіргі таңда уәкілетті органдар қызметкерлерінен, яғни, ішкі істер, салық, әділет, төтенше жағдайлар, бақылау және әлеуметтік қорғау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері, балық шаруашылығы инспекциясы және сот орындаушыларынан құрылған біріккен ұтқыр топтар жоспарға сәйкес тексеруге шығып, айыппұл, салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектері бар борышкерлерді анықтауда. Олардан берешектерді нақты өндіру үшін шаралар қабылдауда»,- делінген хабарламада.

Мәселен, сот орындаушылары, салық органдарының инспекторлары және жол полициясы қызметкерлері бірлесіп, борышкерлердің берешектерін компьютер арқылы орталықтандырылған деректен тексеруде. Олардың автокөліктерін жол бойында тоқтатып, айыппұлды немесе салық бойынша берешекті өндіруге әрекет жасауда. Осыған орай облыс көлемінде 10 кезекшілік топ құрылып, әсіресе, әуежай, теміржол және автокөлік вокзалдары маңында ұтқыр топтардан құрылған кезекшілік ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар