Атырау облысының тұрғындары МӘМС есебінен күрделі ота жасатты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғындары МӘМС есебінен күрделі ота жасатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Байтолла Ғазизовтің айтуынша, биылғы 6 айда өңір тұрғындарына 79 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілген.

«Бұл – медицинадағы күрделі, әрі бірегей технологиялардың көмегімен, біліктілігі жоғары

мамандар тарапынан жасалатын қызмет түрлері. Оған жүрек, бауыр, бүйрек алмастыру, мидағы ісікті сылып алу, тұқым қуалайтын және жүйелік ауруларды, лейкоз, эндокриндік жүйедегі ақауларды емдеу, жүрекке, өзге де ағза мүшелеріне жасалатын аса күрделі хирургиялық оталар жатады» -дейді Байтолла Ғазизов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Махамбет аудандық ауруханасы жолдаған 73 пациент

квота берілген. Пациенттер жоғары технологиялық қызмет түрлері бойынша МӘМС пакеті шеңберінде республикалық ғылыми орталықтарда емделіп қайтқан.

«Мәселен, осы аудандағы Есбол ауылының тұрғыны Айгүл Рахымғалиева жұмыс істемейді. Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми нейрохирургия орталығында аса күрделі ота жасалды. Ал, Сарытоғай ауылында тұратын Нұрман Шакимовқа да аталған орталықта бір рет осындай ота жасалған еді. Енді пациент 2-отаға дайындалып жатыр. Ал, Махамбет ауылының тұрғыны Сейітжан Себеков елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында ота жасатты. Бұл оталардың ақысы

медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленіп отыр» -деп мәлім етті Байтолла Ғазизов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда туа біткен патологиясы бар балаға, кейіннен елордалық білікті дәрігер бес балаға ота жасағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар