18:21, 12 Қаңтар 2019 | GMT +5
Атырау - Орал тасжолында адам өліміне соқтырған жол апаты орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау-Орал тасжолы бойында адам өліміне соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең болған. Қос жеңіл автокөлік түйіскен. Салдарынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмған.
Алдын ала мәліметке қарағанда, бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға куә болған тұрғындар жол апатының Атырау облысына қарасты Алмалы ауылы тұсында болғанын айтады. Автокөлікте болған 2001 жылғы қыздың жағдайы ауыр. Оған ота жасау үшін ата-анасы іздестіріліп жатыр.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.