Атырау перзентханаларында қызметтер бағасы негізсіз өсірілген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау перзентханаларында қызметтер бағасы негізсіз өсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, перзентханаларда жүктілікті есепке алу қызметіне бағаны заңсыз өсіру дерегі анықталған.

«Перзентхана қызметкерлері шығындарға заңнамамен алынып тасталған қызметтердің басқа да шығындарды негізсіз есептеген. Қалалық прокуратура қызметкерлері баға көрсеткішінің заңсыз өсіру тәжірибесін тоқтатты. Қазір бұл қызметтердің құны облыстық перинаталдық орталықта 175 000 теңгеден 130 000 теңгеге, қалалық перзентханада 125 000 теңгеден 109 500 теңгеге дейін төмендетілді», -дейді Аршат Тайтуллин.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалғаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар