Атырау прокурорлары 161 жасөспірімнің конституциялық құқықтарын қорғады

Нәтижесінде 49 прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, 101 лауазымды тұлға әр түрлі санаттағы жауапкершілікке тартылды және кәмелетке толмаған 161 жасөспірімдердің конституциялық құқықтары қорғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мәселен, облыстық прокуратурамен «Мінез құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдер үшін әлеуметтік және еңбекке бейімдеу Атырау облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне тексеру жүргізу барысында нысанға 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін психикалық ауытқушылығы бар жасөспірім Қ. Шаймардан заңсыз орналастырылғаны анықталды. Сонымен қатар, интернатта тәрбиеленушілердің жеке істері тексеріліп кейбіреулерінің арнаулы бiлiм беру ұйымына кәмелетке толмағанды ұстаудың мүмкiндiгi туралы дәрiгердiң тұжырымы медициналық куәландырудан өтпегені анықталды. Бұдан басқа, тексеру нәтижесінде интернаттың бұрынғы директоры Г.Андакулованың мүгедек В. Плакущенконың конституциялық құқықтарын өрескел түрде бұзғаны анықталды. Яғни сол мезгілде аталған тұлғаға заңды түрде мүгедектік белгіленбегеніне байланысты, протезге шығындалған қаражат В. Плакущенконың асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалған жәрдемақысының есебінен 350 000 теңге алынған. Бүгінгі күнде, Атырау қалалық прокуратурасы 350 000 теңгені қайтару туралы талап арызды қалалық сотқа берді», делінген баспасөз айғағында.
Сондай-ақ тексерулер барысында жасақталатын есеппен алынған тағамдардың құжаттарын салыстыру арқылы, тәрбиеленушілерге берілуге тиісті кейбір тағамдардың қоймада негізсіз сақталатыны және оларға берілмейтіндігі дәлелденді. Прокуратура тексерулерінің қорытындысы бойынша облыс әкімі орынбасарының атына заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс жолданды.