Атырау сауда үйлерінің бірінде ірі өрт болды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 16 қаңтар күні таңертең Атырау қаласындағы «Хозяюшка» сауда үйінің үшінші қабатында өрт басталды, жалын ғимарат шатырына ауысты.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт үш сағатқа жуық уақытта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 525 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.