«Атырау Су арнасы» КМК басшысы ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Атырау Су арнасы» КМК басшысы Андрей Ташлыков ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Атырау Су арнасы» КМК басшысы А. Ташлыковты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабы 3-бөлімі 2-тармақшасы («бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салу немесе иелену») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған.

Тергеу мүддесіне сәйкес, толық ақпарат әзірге хабарланбады. Баспасөз қызметі кейінірек қосымша ақпарат ұсынуға уәде етті. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум