«Атырау Су Арнасының» басшысы 2 айға қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - №2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы «Атырау Су Арнасы» КМК директорына қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау Су Арнасының» басшысы 2 айға қамауға алынды

«Тергеу нұсқасы бойынша, А.Т. (А. Ташлыков) ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармақшасында қарастырылған қылмысты, яғни жалған келісімшарт жасау арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіруде», -  деп хабарлады №2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, судья кепілмен босату сомасын  68,07 млн теңге көлемінде белгілеген.