Атырау театрының әртістеріне автобус сыйға тартылды
АТЫРАУ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының ұжымына жергілікті атқарушы органның атынан жаңа «Тойота» автобусы сыйға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев автобус кілтін тапсыра отырып, театр ұжымына берілетін көмек мұнымен шектелмейтінін айтты. «Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мәдениет саласына айрықша көңіл бөліп, қажетті жағдайлар туғызу қажеттігін атап өтті. Елбасы Жолдауы ? біздің барлығымыз үшін нақты іс-қимыл бағдарламасы», - деді ол.Жаңа автобус театр әртістерінің шалғай ауылдарға гастрольдік сапарларға жиі шығып тұруына мүмкіндік беретін болды.