Атырау тұрғындары 261 сайлау учаскесінде таңдауын жасап жатыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғындары 261 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-де 261 сайлау учаскесі ашылды.

Денсаулық сақтау, әскери бөлімше мен тергеу изоляторында 11 жабық учаске жұмыс істейді.

«Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құрамына саяси партиялардан 1306 (66,43%), қоғамдық бірлестіктерден 660 (33,57%) адам енгізілді. Атырау облысында дауыс беру құқығына ие сайлаушылардың саны 409 949 адамды құрады. Оның ішінде өзге облыстардан өз өтінішіне сәйкес тізімге енгізілген 12 956 сайлаушы бар», -дейді Азамат Айманакумов.

Оның дерегіне сүйенсек, сайлау учаскелерінің 165-де сайлаушылардың тұрғылықты мекенжайы бойынша іздеуі, Атырау қаласындағы 5 сайлау учаскесінде тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар үшін сервистік қызмет көрсетіледі. Азаматтарға тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында электорат тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiлген.

Кандидаттардың сенім білдірген 784 өкілі тіркелген. Сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның 2 халықаралық байқаушысы келген.

Айта кетейік, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығы ашылған.

Бұған дейін Атырау облысында 409 949 сайлаушы 261 сайлау учаскесінде дауыс беретінін жазған едік.

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірдің 40,42 пайызы дауыс беріп үлгерді.


Соңғы жаңалықтар