Атырау тұрғындарын шошытқан чемоданның ішінен киім шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қала тұрғындарын шошытқан чемоданның ішінен киім шыққан, ҚазАқпарат бұл туралы Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау тұрғындарын шошытқан чемоданның ішінен киім шықты

Оқиға бүгін 28 қазанда, сағат 9.50 шамасында болған.

«Полицияға күдік тудырған чемодан мен қапшық туралы хабарлама түсті. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, чемоданның ішінде киім-кешектер екенін анықтады», - делінген полиция мәліметінде.






Фото: t.me/POLICE_of_KZ