Атырау тұрғыны әйелін балағаттағаны үшін үш тәулікке қамалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында әйелін балағаттаған тұрғын сот шешімімен үш күнге тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау облысының Жылыой аудандық соты Құлсары қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады. Іс материалдары бойынша, айыпталушы азамат үйіне түн ішінде мас болып келіп, отбасының тыныштығын бұзған. Сонымен қатар ол әйеліне былапыт сөздер айтып, балағаттаған»,-деп хабарлайды Атырау облысының Жылыой аудандық соты.
Намысы тапталған әйел құқық қорғау органдарына шағамданды. Құқық бұзушы азамат сот барысында өзінің айыбын мойындап, істіген ісіне өкінетінін айтқан. Алайда, оның әйелі соттан күйеуін барынша қатаң жазалауды сұрады.
«Сот қаулысымен заң бұзушы А. ҚР ҚК-нің 73 бабы, 1 тармағы негізінде кінәлі деп табылды. Оған 3 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды»,- деп хабарлады сот өкілдері.