20:43, 10 Қаңтар 2019 | GMT +5
Атырау тұрғыны табиғи газдан уланып көз жұмды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда әйел адам табиғи газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қайғылы оқиға бүгін Еркінқала кентінде болды. Жеке тұрғын үйлердің бірінде пештегі ақау салдарынан 64 жастағы әйел табиғи газдан уланып қайтыс болды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.
68 жастағы тағы бір кейуана зардап шеккен, ол облыстық ауруханаға жеткізілді.
Авторы: А. Соколов