Атырауда 1 миллиард 40 миллион доллардың жобасын жүзеге асыру туралы келісімшартқа қол қойылды

Жобаға салынатын инвестициялық салым 1 миллиард 40 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі -2003-2013 жылдардың аралығы. Бас мердігер болып отырған қытайлық «Sinopec Engineering» компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасында француздың «ParamaX BTX» компаниясының технологиясын қолданбақ. Кәсіпорынды қайта жаңарту жобасының аясында бензол бөлетін экстративті дистилляция блогының құрылысы мен катализдік риформинг қондырғысын құру қарастырылған. Сондай-ақ құрамына параксилол бөлу қондырғысы, ксилолды изомерлеу қондырғысы, толуолды трансалкилдеу қондырғысы, жалпы зауыттың шаруашылық нысандары кіретін хош иісті көмірсутегі өндірісінің кешенін де салу қарастырылған.
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жобаны жүзеге асыру зауытқа елдің бірыңғай мұнай-химиялық тізбегіне кіріп қана қоймай, инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.