Атырауда 1 шілдеге дейін 8 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 1 шілдеге дейін 1 387 отбасының 7 899 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұл туралы облысты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 1 шілдеге дейін 8 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алады

«Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай берілетін түрін алушылардың арасында еңбекке қабілетті адамдар саны 2 154-ті құрайды. Оның ішінде 28-і өзін-өзі қамтитындар, 1 049-ы жүгіну кезінде жұмысы барлар, 431-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 610-ы бала күтіміндегілер, ал, 36-ы өзге санаттағылар», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

басшысы Серік Қамидолла.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 140 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алған

еді.