Атырауда 10 фонтан ашылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 10 фонтан ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаладағы алты шағынауданда жаңа фонтандар құрылысы басталып, ескілері қайта құрудан өтеді. 4 фонтан Смағұлов атындағы алаңға, екеуі Құрманғазы атындағы алаңға, біреуі «Жеңіс» паркіне, 1 фонтан – «Құрманғазы» мәдениет үйінің алдына және тағы бірі Балықшы шағынауданындағы А. Құнанбаев атындағы көшеге қойылады. Сондай-ақ, тағы бір мердігер компания мұнайлы астананың тұрғындарына сыйлық ретінде өз есебінен «Ақ Жайық» қонақүйінің алдына фонтан орнатпақшы», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, фонтан құрылыстары жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. Олар кем дегенде 2 жылға созылмақ.

Соңғы жаңалықтар
telegram