Атырауда 10 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат ­ - Акция басталған күннен бүгінге дейін 10 116 балаға жалпы құны 144 млн теңгеден аса қаражат көлемінде материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі  өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мемлекеттік мекемелер, шағын және орта кәсіп иелері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер және демеушілер көмегімен балалар оқуға ең қажетті  мектеп және спорттық костюмдермен, кроссовкалар, сөмкелер және кеңсе тауарларымен қамтылды.

Айта кету керек, акция шеңберінде мектепке бармайтын балаларға, сонымен қатар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларды мектепке дайындауға ерекше көңіл бөлінді.

 «Мектепке жол» акциясы жалғасуда, көп балалы, аз қамтылған немесе белгілі себептермен қиын жағдайға тап болған адамдар аталған көмекке мұқтаждығы туралы өтініш жаза алады және міндетті түрде қолдау көрсетіледі»,- дейді облыстық білім басқармасы. 

Айта кетейік, ірі көлемдегі «Мектепке жол» акциясы ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар