Атырауда 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 1,5 жылдық үзілістен кейін 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Atyrau Marathon» ұйымдастыру комитеті президентінің орынбасары Юрий Пономаревтің айтуынша, марафонды 17 қазанда өткізу жоспарланған.

«Атырауда бұл марафонды өткізу 2017 жылы басталған еді. Алайда, былтыр коронавирус инфекциясының таралуына байланысты онлайн форматта өткіздік. Биыл қайырымдылық мақсаттағы марафонды алғаш рет қала орталығындағы көшелерде емес, «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі ашқан балалар ауылының аумағында өткізуді жоспарлап отырмыз. Қала сыртында өтетін марафонға жасы 16-дан асқан жүгірушілер қатыса алады. Бірақ, қатысушылардың санын шектеп, 230 адамнан асырмауды көздедік. Қатысушылардан жүгіру басталғанға дейін және одан кейін маска тағу, қашықтықты сақтау талап етіледі» -дейді Юрий Пономарев.

Оның дерегіне сүйенсек, марафонның ұзақтығы – 10 шақырым. Жарысқа қатысу үшін 5 мың теңге төлеу керек. Марафонға қатысушылардан түскен қаржы «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық қорына аударылады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қайырымдылық марафоны онлайн форматта өтетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram