Атырауда 120 жас отбасы пәтерлі болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бүгін 120 жас отбасы пәтер алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Атыраулықтар баспанаға 2013 жылдан бері Атырау облысында іске асырылып келе жатқан «Жас Отау» өңірлік бағдарламасының арқасында қол жеткізді. Жаңа қоныс иелеріне кілтті Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев табыс етті.

 «Бұл «Жас Отау» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан екінші үй. Биыл 100 пәтерлік тағы бір үйді пайдаға тапсыру жоспарлануда», - деп айтты Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисимбаев.

Нұрсая шағын ауданында орналасқан 120 пәтерлік жаңа үй жасы 29-дан аспайтын жас отбасылар үшін салынған. Онда 40 бір бөлмелі, 40 екі бөлмелі, 40 үш бөлмелі пәтер бар.

Өңірдегі жас  отбасыларынан барлығы 2000-нан астам өтінім түсті, одан 1200-і белгіленген өлшемшарттарға сәйкес іріктеліп алынды. Соның ішінде  120-сы «Жас Отау» бағдарламасы бойынша тұрғын алуға үміткерлер тиісті талаптарға сәйкес келуі керек. Мәселен, ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы, айлық табыстары 100 мың теңгеден кем болмауы, өтініш берушілер атында жылжымайтын мүліктің болмауы сияқты талаптар

Үйді бөлу бірнеше өлшемшарттармен жүргізілді. Іріктеу барысында ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі де мүгедек, мүгедек балалары бар, спорт, өнер салаларында жетістіктері бар отбасыларына басымдылық берілді. Сондай-ақ бюджеттік сала, мемлекеттік, әскери қызметкерлер санатына да назар қойылды.

«Бұл біздің облыста іске асырылып жатқан бірегей бағдарлама. «Жас Отау» бойынша пәтердің бір шаршы метр құны 110 мың теңгені құрайды. Бұл жас отбасылар үшін үлкен көмек. Бағдарлама одан әрі де жалғаса береді. Облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жүзеге асыру қарастырылуда. Жаңа үйлерді қайтарылған қаражат есебінен салу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн», - деді Ж. Бисембиев. 

Соңғы жаңалықтар