Атырауда 14 жасар жасөспірім біреудің көлігін айдап кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бөтен біреудің көлігін айдап кеткен 14 жасар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 тамызда сағат 18:15 шамасында Атырау қаласының тұрғынынан М.Баймұханов көшесіндегі үйдің алдында тұрған «Daewoo Nexia» көлігі жоғалғаны туралы хабар түскен.

«Патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған көлікті жедел іздеуге кірісті. Көп ұзамай жоғалған көлік М.Баймұханов көшесінде орналасқан «Үш қоңыр» азық-түлік дүкенінің тұсында тоқтатылды. Бөтеннің көлігін айдап кеткен 14 жасар жасөспірім екені анықталды. Жасөспірім сол жерде ұсталды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік ұрлаған жасөспірім ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар