Атырауда 14 жастағы ұл үш тәулік бойы іздестіріліп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Атырауда 14 жастағы ұл үш тәулік бойы іздестіріліп жатыр

Атырау қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімінен хабарлағандай, жасөспірім Есмағамбет Ізмұхан 27 наурыз күні кешкісін үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Оған іздеу салынды.

Жоғалған 14 жастағы бала үйінен шыққанда үстінде күрткесі мен сұр түсті трикосы, ақ свитері, қара қысқы аяқ-киімі болған. Бойы 150-155 сантиметр, дене-бітімі арық, шашы қара, қысқа болған.

Бала туралы мәлімет білетіндерден полицияға хабарласуын сұрайды: 98-22-05, 98-22-09, 87783192764 Атырау қалалық ІІБ Криминалдық полициясы.