Атырауда 150 мың теңге пара алған майор сотталды, шенінен де айырылды
АТЫРАУ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау қалалық соты ІІД көші-қон полициясы басқармасының бұрынғы қызметкерін пара алғаны үшін бас бостандығынан айырды.
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы бір ЖШС жетекшісінен 2 шетелдік азаматты тіркеу үшін 150 мың теңге алға әрекеттенген.
Ол ақшаны қарызға сұрағандығын дәлелдеуге тырысқан. Бірақ сот оған назар аударған жоқ. Бұрынғы полицей мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды. Сондай-ақ ол майор шенінен де айырылды.