Атырауда 19 көпбалалы ана алтын және күміс алқамен марапатталды

Қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасановтың қатысуымен 19 көпбалалы ананы күміс және алтын алқамен марапаттау салтанаты өтті. Шара Қазақстанда 9 қыркүйек күні атап өтілген отбасы күніне орай ұйымдастырылды.
Полымбет Хасановтың айтуынша, бүгінде Атырау қаласында 5 мың көпбалалы ана бар, олардың 2940-ы 6 және одан да көп сәби сүйген батыр аналар. Қала әкімі атынан алтын алқамен 4 көпбалалы ана және күміс алқамен облыс орталығының 15 тұрғыны марапатталды.
«Мен сияқты көпбалалы ана үшін бұл марапатқа ие болу үлкен мәртебе, мемлекетіміз батыр аналарға ерекше көңіл бөлгеніне қуаныштымын. Жұбайым екеуміз 1 жас пен 18 жас аралығындағы 7 баланы тәрбиелеп отырмыз, отбасымыз өте жақсы, керемет балаларымыз бар», - дейді алтын алқа иегері Мейрамгүл Жұбайғазиева.
Сондай-ақ, шара соңында қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов көпбалалы аналарды өткен отбасы күнімен құттықтап, зор денсаулық пен жанұя бақытын тіледі.