Атырауда 2 мың гектардан асатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында берілген жер учаскелерін игермегені үшін 10 учаскесі кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 2 мың гектардан асатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Облыстық жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің жалпы аумағы 2 мың гектардан асады.

«Биыл мерзімінде игерілмегені үшін 10 учаске кері қайтарылды. Ал, 51 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8 833 642 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 51 ұйғарым берілді», - дейді Гүлзия Құрманова.

Қазір бюджетке 6 700 142 теңге ерікті түрде төленген.