Атырауда 20 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 20 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 20 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

БАҚ-қа көмек сұрай жүгінген туысқандарының айтуынша, Айдана Жұбаншалиева 30 сәуір күні түстен кейін Балықшы шағын ауданындағы үйінен шығып кеткен. Сол күні кешке де, ертесіне де бойжеткен өз үйіне оралмаған.

Туысқандары Айдана туралы қандай да бір мәліметі бар адамдардың 8-778-602-41-83 телефонына хабарласуын сұрайды.